Шымкент қалалық соты Қазақстан азаматтарын жыныстық құлдыққа сатқан қылмыстық топ мүшелеріне қатысты үкім шығарды.
Олар әйелдерді Бахрейн Корольдігіне жезөкшелікпен айналысу үшін жіберген.
21 желтоқсанда Шымкент қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың қатысушыларын кінәлі деп таныды.
ТҚТ басшысы — Азадова С. 14 жылға бас бостандығынан айырылды. Қылмыстық топтың басқа қатысушылары мен сыбайластары С. Ахмедов, Э. Беркина, Ш. Ахмедова, Ш. Тургунова 12 жылға бас бостандығынан айырылды; Р. Қосдәулетова, Е. Темірова 11,3 жылға бас бостандығынан айырылды; Р. Цесхладзе 10 жылға бас бостандығынан айырылды; Савинский С. және И. Мададов — 6,8 жылға бас бостандығынан айырылды; Пичугин З. және Азадова Т. ҚК-нің 55-бабы 4-бөлігімен — 1,3 жылға бас бостандығынан айыру; Гайнуллин Р. ҚК-нің 55-бабының 4-бөлігімен — үш жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды (сот залында қамауға алынды).
Р. Гайнуллинге жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде, қалған сотталғандарға — қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде өтейді.
Сот үкімімен үш сотталушы кінәлі деп танылды және ҚК-нің 68-бабының 2-бөлігін қолдана отырып, тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылды.
«Ұзақ уақыт бойы ТҰҚТ басшылары мен қатысушылары Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде әлеуметтік осал топтарынан 16-25 жас аралығындағы қыздарды іздеумен және жұмысқа алумен айналысқан», — деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.