Бұл туралы Польша үкіметінің басшысы Матрос Моравецкий La Repubblica сайтына берген сұхбатында мәлім етті.
«Ресей Еуропамен бірге болуды немесе оған қарсы таңдау жасау керек. [РФ президенті] Владимир Путин бүгін қақтығысуды таңдап отыр. Бұл тек Еуропаға ғана емес, оның өз еліне де зиян келтіреді», — деді Польша үкіметінің басшысы.
Ол «Еуропа Ресеймен қақтығысқысы келмейтінін» атап өтті. «Бірақ Еуропа энергетика арқылы қысым көрсетіп, қоқан-лоқы жасалуына жол бермейді. Сондықтан Путиннің арандатушылығына қарсы бірігуіміз керек. Үндемей қоя салатын уақыт өтті. Біз санкция салу арқылы қатаң әрекет етуіміз керек», — деді Моравецкий.
Путиннің АҚШ президенті Джо Байденмен бейнебайланыс арқылы өткен тілдесуіне қатысты поляк премьер «егер олар Ресейдің Украина мен Еуропамен шекарадағы белсенділігін төмендету жайлы сөйлескен болса, президент Байденге алғыс айтар едім» деді. «Бірақ тәжірибе көрсеткендей, Путинге сенуге болмайды және үндемей қоя салу саясаты іске аспайды», — деді Моравецкий.
Бұған дейін Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ресей Федерациясы Украинадағы жағдайды шешу процессіне Мәскеу қатер төндіретінін көрсету мақсатында батыс елдері тарапынан ақпараттық шабуыл жасалып жатқанын мәлімдеген болатын. Ол мұндай науқанның «Киевте орын алуы мүмкін агрессивті әрекеттерді» жасыру үшін жасалып жатқанын жоққа шығармады.