Батыс сарапшылары Қазақстандағы кейбір шенеуніктер РФ-ның пропаганда құралына айналды деп есептейді

«Басе» ақпараттық ресурсы Қазақстанның үш қаласын радикалды ресейшіл шенеуніктер басқарады деген бейнематериал жариялады. Қостанай облысы Лисаков қалалық әкімдігі маңында 2023 жылғы 15 ақпанда түсірілген видеода орталық көшедегі дауыс зорайтқыштар арқылы Украинадағы соғыс барысын түсіндіріп жатқаны көрінеді, онда ресейлік дикторлар Украина Қарулы Күштерін «ұлтшыл» және «Киевтің содырлары» деп атайды.

Сондай-ақ, Қазақстаннан уақытша жалға алынған Байқоңыр билігі (1995 жылдан бастап 2050 жылға дейін РФ-ға жалға берілді және Мәскеу маңындағы Единцов ауданына жатады — ред.) тек ресейліктердің мүддесін білдіреді, алайда ресми ақпарат бойынша қаланың 80 мың халқының 91%-дан астамын этникалық қазақтар құрайды. Биылғы жылдың ақпан айынан бастап қалалық Ресей әкімшілігі тұрғындарды Украина аумағындағы әскери іс-қимылдарға қатысуға шақырып жатыр, соның ішінде 260 мың рубль көлемінде біржолғы сыйақы төлеуді уәде етіп отыр.

Ютуб-арнаның авторлары Қарағанды облысы Приозерск қаласындағы оқу орындары, аудан және көше атаулары кеңес әскерилерінің есімімен аталғаны, оқу орнының қақпасында РФ-ның жалауы ілінгенін көрсетті. Ұлыбританияда тұратын журналистердің пікірінше, бұған көз жұма қарауға болмайды. Приозерск маңында ресейлік Срашаган әскери базасы мен әскери әуеайлақ орналасқан.

«Қазақстандағы ресейліктер мен ресейшіл күштер басқаратын әрбір елді мекен ертең сепаратистер базасына, басқыншылар базасына айналады», — деп қорытындылады сюжет авторлары.

Добавить комментарий