Шымкент әкімі: жемқорлық бойынша шағым түскен жоқ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қалада жемқорлық туралы сұраққа жауап беріп, тұрғындардың шенеуніктердің үстінен шағым түсірмегенін айтты.

«Қазіргі уақытта мұғалімдерді іріктеу жөніндегі комиссияны компьютер бір сағат қалғанда анықтайды және комиссияда аталған мектептің мамандары болмауы тиіс. Іс-шара онлайн өтеді, YouTube-тен көруге болады. БАҚ өкілдері де көреді. Бұл мәселе бойынша шағым түспеді», — деді Әйтенов бейсенбі күні өткен брифингте.

Оның айтуынша, Шымкент жемқорлық бойынша көш бастап тұрған жоқ, бірақ бәрі «Шымкентте барлығы жемқор» деп үйреніп қалған. Бұл — олай емес.

Оның айтуынша, әкімдік, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аумақтық департаментімен ауқымды жұмыс жүргізіп жатыр. Шымкентте алғаш рет мектепте мұғалімдерді іріктеу жүйесі өзгертілді.

«Екі жыл бұрын мұғалімдерге жұмысқа тұру үшін ақша беруі керек деген ақпарат тараған», — деп еске салды әкім.

Қала әкімдігі Білім министрлігімен және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен бірлесіп пилоттық жоба жасаған. Бұл рәсім пилоттық жобадан кейін бүкіл қала бойынша енгізілді және қазір спорт басқармасы мен денсаулық сақтау басқармасын да қосып жатырмыз.

«Біз алдағы уақытта мұндай жағдайлардың орын алмауы үшін ай сайын (отырыстар — ред.) өткіземіз», — деді Әйтенов.

Добавить комментарий