Әр ұлттың негізгі біріктіруші элементтері бар, бұл халықты біртұтас етеді және ұрпақтан ұрпаққа оның «сәйкестендіру нөмірін» қалыптастырады. Әдетте біріктіруші элементтерге ортақ тіл, тарих, идеология жатады. Көпұлтты Қазақстан сәйкестендіру кодын қалыптастыру арқылы халықты біріктіруге тырысуда. Тарихи тұрғыдан алғанда, Қазақстанды мекендейтін халықтар өз мәдениеті мен тілін сақтап қалған, ал бір-бірімен, соның ішінде мемлекет деңгейде сөйлесу үшін орыс тілін қолданады. Сонымен қатар, көршілес елдердің халқымен еркін сөйлесуге болады.
Бүгінде «ұлттық кодты» қалыптастыру үшін бірінші орынға қойылған қазақ тілі революцияға дейін де, кеңестік кезеңде де орыс тіліне қарағанда аздаған халық сөйлесті. Қазақстан КСРО құрамынан шыққаннан кейін бұл жағдай сақталды. Тоқсаныншы жылдардың басында Орталық Азия халықтарының арасында қазақтарда орыс тілін ана тілі деп санаған тұрғындар көп болды. Қазақстанды Ресей және Беларусь Республикасымен бірге халық арасында орыс тілін меңгеру деңгейі жоғары посткеңестік елдердің қатарына жатқызуға болады. Санақ деректері мен ағымдағы бағалаулар бойынша оған ел халқының 80%-ға жуығы тиесілі.
Әрине, ҚР-да шенділерді Қазақстан қоғамында орыс тілінің бірінші орында тұрғаны алаңдатты. Сондықтан 2006 жылы алғаш рет Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілін латын әліпбиіне көшетінін мәлімдеді. 2017 жылы үкіметке әліпби әзірлеуді тапсырды. Бұл қазақ тілін жергілікті халық арасында насихаттау үшін жасалып отыр. Билік басына Нұрсұлтан Назарбаевтың орнына Қасым-Жомарт Тоқаев келген соң, ұлттық-патриоттық идеологияға деген бағыт күшейетүсті. Назарбаевтың тұсында бастау алған тілдік реформа зор ұмтылыспен жалғасып жатыр.
Тоқаев та халық арасында қазақ тілін насихаттауға ниетті. Оны іске асыру тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама бекітілді. ҚР-да мемлекеттік тілді дәріптеуді көздейтін тілдік реформа орыс тіліне кері әсер етуі мүмкін. Орыс тілді азаматтар орыс тілінің рөлінің төмендеуіне байланысты өз құқықтары тапталуда деп қабылдайды, ал Мәскеу Орталық Азия мемлекеті Ресейден алшақтамақ деп есептейді. РФ тарапынан елімізде орыс және орыс тілді азаматтардың құқығына нұқсан келтіру фактілері бірнеше рет айтылған болатын.
«Шын мәнінде ҚР аталған шешімдерді өзінің ұлттық мүдделеріне сүйене отырып қабылдауда. Тоқаев ұлтты біріктіру аясында ел тарихын жастармен зерделеу арқылы қазақша «сәйкестендіру кодын» сақтауға шақырады. Маңызды момент — тарихи оқиғаларды әдіснамалық тұрғыдан түсіндіру кеңес уақытындағыдан айтарлықтай ерекшеленеді. «Ақ парақтан дақты кетіру үшін» және тарихи әділдікті қалпына келтіру мақсатында саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылды», — деп жазады батыстық саясаттанушылар Қазақстанда болып жатқан процестерге түсініктеме бере отырып.
Аталған комиссия Түркістан легионынының қатарында фашистік Германия елі үшін соғысқан қазақтардың рөлін қайта қарау туралы бастама көтерді. Ресей бұл бастамаға оң қабақ танытпады. Путин соғыс тарихын бұрмалауға тырысқандардың аузын жабамыз деп бірнеше рет атап өтті. Сондай-ақ, Ресей тарапынан Қазақстан үкіметі нацистердің қолшоқпары болған қазақстарды ақтауға тырысып жатыр деп айыптады.
«Бұл айыптаулар арандатушы және негізсіз болып табылады. ҚР көшбасшысы Тоқаевтың пікірінше, әрбір халық өзінің арғы-бергі тарихын өзі жазуға тиіс, бөтен идеологияның жетегімен жүруге болмайды. Ұлттық мүдде тұрғысынан жазылған шежіре ұрпақтың санасын оятып, ұлттың жадын жаңғыртуға мүмкіндік береді», — деп жазады батыстық саясаттанушылар.
Бұл тек ел ішінде ғана емес, Ресей-Қазақстан қарым-қатынасында да белгілі бір шиеленіс тудырады.
Батыс елдерінің саясаттанушылары Ресей Қазақстандағы орыс тілді халқының тілдік және тарихи қағидаттарын сақтауды тоқтатуы тиіс деп жазады.