Последние новости Казахстана и Алматы – свежие на сегодня
               Қазақстан және Алматының басты жаңалықтары
  • Құпиялылық саясаты
  • oqu.news компаниясы туралы

Последние новости Казахстана и Алматы – свежие на сегодня

  • Маңызды
  • Әлем
  • Оқиғалар
  • Экономика
  • Қоғам
  • Саясат
  • Пікірлер
  • Арнайы жобалар
  • COVID-19
RU

Солтүстік және Оңтүстік астананың әуежайларына айыппұл салынды

3 сентября 03:55 / Опубликовано в Маңызды

Оңтүстік астананың әуе айлағының әкімшілігі 2.2 млн теңге көлемінде айыппұл төледі. Алматы әуежайы да әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Көліктегі бас санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабұлов Нұр-Сұлтан халықаралық әуежайына «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы талаптарды, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзғаны үшін» әкімшілік жаза қолданылғанын хабарлады.

Оған елорда әуежайында карантиндік шектеу шараларының сақталмауы себеп болды: келетін және кететін жолаушылар үшін жеке дәліздер ұйымдастырылмаған, рейске тіркелу және отырғызу кезінде жолаушылар арасындағы әлеуметтік арақашықтық сақталмаған, терминалда дезинфекциялық кілемдер орнатылмаған, перрондық автобус жүргізушілерінде қолғап болмаған және бетперде жиынтығы болмаған.

Алматы әуежайына да қысқартылған өндіріс мерзімінің аяқталуына байланысты осыған ұқсас бап бойынша айыппұл салынды.

Scat авиакомпаниясына осы бап бойынша жолаушылар арасындағы әлеуметтік арақашықтықты сақтамағаны және персоналды ауысым алдында медициналық тексеруден өткізбегені үшін айыппұл салынды.

Air Astana авиакомпаниясына авиабилеттерді сату кеңсесінде қорғаныш қоршауы болмағаны үшін, және персоналдың ауысым алдындағы медициналық тексеруден өтпегені үшін айыппұл салынды.айыппұл салынды.

Жолаушылардың назарына елордалық әуежайдың үш терминалында коронавирустық инфекцияның таралмауының алдын алу мақсатында Т1 ғимараты (халықаралық), Т2 ғимараты (ішкі) және «Северный» ғимараты — 15 стационарлық тепловизор кешені орнатылған.

Бұл ретте тепловизор камералары белгілі бір қашықтықта орнатылған және келетін және ұшып бара жатқан жолаушыларға ыңғайсыздық тудырмай, ағындағы адамдардың температурасын өлшейді, сондай-ақ олардың кептелуін болдырмайды.

Қысқартылған өндіріс мерзімінің аяқталуына байланысты Алматы қаласының халықаралық әуежайына ӘҚБтК 425-бабының 1-бөлігі бойынша 1600 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Поделиться ссылкой:

  • Twitter
  • Facebook

Понравилось это:

Нравится Загрузка...

Похожее

  • Tweet
Tagged under: Air Astana, Scat, авиакомпания, айыппұл, Алматы, карантиндік ережелер, коронавирустық инфекция, Нұр-сұлтан, әуежай

Читать ещё

Елордалық мектептер «Ashyq» жобасына тіркелуге мәжбүр болды
С5+1 форматы Қазақстанға РФ-дан алшақтауға мүмкіндік береді
Алматы тауларында қар көшкіні жүру қаупі бар

Добавить комментарий Отменить ответ

соңғы жаңалықтар

  • Дания Украинаға кемеге қарсы зымырандар береді

    Дания билігі Украинаға «Harpoon» кемеге қарсы з...
  • COVID-19 қарсы қайта ревакцинацияны қайталау туралы қаулыға қол қойылды

    ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Ес...
  • Алматы–Өскемен тас жолының су шайып кеткен бөлігі қалпына келтірілді

    Алматы–Өскемен тас жолының жаңбыр суы шайып кет...
  • Қазақстандағы коронавирус жағдайы: Бір тәулікте 4 науқас анықталды

    Ашық ақпарат көздерінен алынған мәліметтерге сә...
  • Қазақстан бойынша 2022 жылғы 24 мамырға арналған ауа райы болжамы

    Бүгін Қазақстанның 8 облысында дауылды ескерту ...

соңғы жаңалықтар

    [email protected] tel:+7 747 341 6619

    Байзакова 280, Алматы 050000

    • Маңызды
    • Әлем
    • Оқиғалар
    • Экономика
    • Қоғам
    • Саясат
    • Пікірлер
    • Арнайы жобалар
    • COVID-19
    • Құпиялылық саясаты
    • oqu.news компаниясы туралы
    Вверх
    %d такие блоггеры, как: