Полиция қызметкерлері Алматы облысында ойын клубына қарулы қарақшылық шабуыл жасағандарды ұстады.
2021 жылдың 15 қарашасында сағат 04.00 шамасында Панфилов ауданы ПБ-нің кезекші бөліміне Жаркент қаласындағы ойын клубынан қарулы қарақшылық шабуыл жасалғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Қарақшылар тапанша және бытырамен қаруланып, ойын клубын тонады.
Қарақшылар бір миллионнан астам теңгені иемденіп кеткен.
Тексеру барысында қылмыс орнынан диаметрі 9 мм болатын атыс гильзасы табылды. Арызданушылар қылмыскерлердің тапаншамен қаруланғанын және қорқыту мақсатында жоғарыға бір рет оқ атқандарын жеткізген.
Кешенді жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Алматы облысы ПД КПБ қызметкерлері мен Панфилов ПБ КПБ жедел қызметкерлері Жаркент қаласының тұрғындары болып табылатын үш күдіктіні Алматы қаласының әртүрлі жерлерінен (қонақ үйден, жалдамалы пәтерден және көшеден) анықтап, ұстады. Ұстау кезде 20 жастағы күдіктіден ұрланған ақшаның жартысы мен тапанша тәркіленді. Соманың тағы бір бөлігі 22 жастағы екінші күдіктіден және олардың 23 жастағы серіктесінен алынды.
Барлық ұсталған азаматтар дәлелдермен әшкереленіп, қалған ақшаны ойын-сауыққа жұмсағанын жеткізіп, қылмыс жасағандарын мойындады. Қаскүнемдердің әрекеттері бейнекамераларға түсіп қалған. Барлық үш фигурант ҚР ҚІЖК 128-бабына сәйкес бұлтартпау шарасын таңдау туралы мәселе шешілгенге дейін УҰО-ға қамаққа алынды. ҚР ҚІЖК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді, – деді Алматы облысы ПД ТБ бастығының орынбасары Самал Арғынғазынова.