Түркістан облысында прокурор Марат Әлиханов жұмыс орнында қайтыс болды. Ақпаратты ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі растады.
Анықтама! Марат Тілеуқабылұлы Әлиханов 1965 жылы туған. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті төрағасының орынбасары және бірінші орынбасары, ҚР Бас көлік прокуроры және Павлодар облысы прокурорының орынбасары қызметтерін атқарған.
Әлиханов Түркістан облыстық прокуроры қызметін 2020 жылдан бастап атқарған.