Нұр-Сұлтанда ұсталған алаяқ бақташы бөтен малды отардан сатқанын мойындады. Жәбірленушіге келтірілген залал 53 млн теңгені құрады.
ҚР ІІМ берген мәліметтерге сәйкес, отарда барлығы 1 060 бас қой болған.
Бақташы екі жыл бойы жәбірленушінің 1060 қойын бөліп-бөліп сатқан, ал ақшасын өз қажеттіліктеріне жұмсаған. Бүгін тәртіп сақшылары ұрланған қойлардың шамамен 30-ін заңды иесіне қайтарып берді.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 189-бабы «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Күдікті қамауда отыр. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.