Бүгін таңертең «КамАЗ» Астана қаласында Циолковский көшесімен Абай даңғылына қарай келе жатып, тұрақта тұрған 6 көлікті қағып кетті. Жүк көлігінің жүргізушісі қашып кетті.
Елордалық полиция департаментінің хабарлауынша, жүргізуші бірнеше метр жүргеннен кейін көліктен түсіп, оқиға орнынан қашып кеткен. Бақытымызға орай, құрбан болғандар мен зардап шеккендер болмады.
«Қазіргі уақытта жүргізушінің тұрылықты жерін анықтау бойынша іздестіру шаралары жүргізілуде. Олардың нәтижелері бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес шешім қабылданады», — деп толықтырды полиция өкілі.