Өңірлерде нан бағасы қымбаттап барады

Қазақстанда нан бағасы шарықтап барады. Атырау қаласының тұрғындары нан-тоқаш өнімдерінің бағасы 5-10 теңгеге қымбаттағанын айтып шағымдануда.

Бұл ұн, электр тасымалы және жанармай бағасының өсуімен байланысты.

«Барлығы ЖЖМ бағасының өсуіне, тасымалдардың қымбаттауына, энергия тасымалы мен ұн бағасының өсуіне байланысты. «Азық-түлік корпорациясы» арқылы жақын арада 1 мың тонна бидай ЖШС «Қаратқа» түседі. Содан кейін бағаны ұстап тұруға мүмкіндік бар», — деді Атырау облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Амангелді Саламат.

Атыраулық шенеуніктер бағаны 95 теңге деңгейінде ұстап тұруға тырысқандарын мойындады. Бірақ ұн мен энергияның 10 теңгеге қымбаттауы жағдайды қиындатты. Енді нан 100 теңге, кейбір нүктелерде 115 теңге тұрады.

Ал Қарағандыда әлеуметтік нан бағасы бірден 30 теңгеге қымбаттады. Егер бұрын бидайдан тартылған нанды 80 теңгеден сатып алған болса, енді оның құны 120 теңгеге дейін жетеді. Нан бағасының қымбаттағанына жарты жыл болды — басқа да тауарлардың бағасы қымбаттағына байланысты Қарағанды тұрғындары қатты таңқалмады. Олар соңғы жарты жылда азық-түлік бағасы айтарлықтай өскенін және бұл үрдістің қашан тоқтайтыны белгісіз екенін атап өтті.

Добавить комментарий