Жұмыртқа бағасы: өндірушілерде 360 теңгеден, ал дүкендерде 700 теңгеден сатылып жатыр

Қазақстандық өндірушілер S1 санатындағы он жұмыртқаны 360 теңгеге сататынын мәлімдеді. Ал дүкендерде оныңбағасы 500 теңгеден басталады.

Құс фабрикалары жұмыртқаларды 360 теңгеден сатып жатыр, бұл жазғы шығындарды жабуға және кірістілікті сақтауға мүмкіндік беретін оңтайлы баға. Егер жемшөп қымбаттаса, онда қазақстандықтарды жұмыртқа құнының кезекті рет қымбаттауы күтеді.

Сарапшылар Алматыдағы AgroWorld Qazaqstan 2021 халықаралық аграрлық көрмесі аясында ұйымдастырылған форумда құс шаруашылығы мәселелері мен саланы дамытудың заманауи шешімдерін талқылады. Қазақстанның жұмыртқа өндірушілер қауымдастығының президенті Максим Божконың айтуынша, құс фабрикалары үшін күн тәртібіндегі негізгі мәселе азық болып қала береді.

«Бүгінгі таңда ең басты мәселе — астықтапшылығы және Қазақстандағы дәнді және майлы дақылдардың жоғары бағасы. Оның үстіне, соңғы екі жылда баға екі есеге өсті. Егер 2019 жылы бидайды тоннасына 60-65 мың теңгеге сатып алсақ, 2020 жылы баға 95 мың теңгеге дейін өсті, ал бүгінде ол тоннасына орташа есеппен 120 — 125 мың теңгені құрайды. Бұл жұмыртқа мен құс етін өндірудің өзіндік құнына қысым келтіреді», — деді Максим Божко.

Жаз маусымында жұмыртқа өзіндік құнынан төмен бағада сатылады

Оның мәліметінше, бүгінде құс фабрикаларында S1 санатындағы жұмыртқаның орташа сату бағасы ондығына 350-360 теңгені құрайды. Дәл осындай баға биылғы жылдың қаңтар-сәуір айларында болған. Жазға қарай құс фабрикаларының жұмыртқаға деген сұранысының күрт төмендеуіне байланысты олардың бағасы ондығына 200 теңгеге дейін арзандады. Бұл өзіндік құнынан екі есе төмен, сондықтан фабрикалар шығынға ұшырады. Максим Божко атап өткендей, күзде жұмыртқа экономикалық негізделген бағаға қайта оралады.

«Қазіргі баға шағын рентабельділікке ие. Бірақ мен бастау үшін зауыттар жаз мезгілінде келтірілген шығындарды жабуы керек екенін еске салғым келеді. Яғни, мамырдан қыркүйекке дейін Қазақстанның барлық жұмыртқа құс фабрикалары минусқа жұмыс істеді, шығындарды жинақтады, және қазір нарықта қалыптасқан баға оларды ішінара жабуға ғана мүмкіндік береді. 2022 жылдың мамырына дейін баға тұрақты болады деп үміттенеміз, бірақ егер жем одан әрі қымбаттаса, өсім де мүмкін», — деді ол.

Құс өсірушілер кәсіпорындарға жем-шөп қорын тұрақты бағамен кәсіпорындарға одан әрі сату мақсатында қалыптастыратын Азық-түлік корпорациясы тарапынан қолдауға үміттенеді. Құс фабрикасы астықтың аз көлемін Корпорациядан жыл басында сатып алған, бірақ қазір мұндай көмек жоқ.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәлімдемесі бойынша, ішкі нарықта астық тапшылығы болмайды. Бірақ оның бағасы қалай қалыптасатынын болжау қиын.

Жұмыртқа бағасы халықтың сұранысына байланысты

Сондай-ақ жұмыртқа құны мен халықтың сұранысына айтарлықтай әсер етеді.

«Алдымызда жаңа жылдық мерекелер келе жатыр, жыл соңында сұраныстың артуы бағаға әрдайым қысым келтіреді. Сондықтан қазір қандай да бір бағаны болжау немесе оған кепілдік беру қиын. Біз өзіндік құнымыздың басты құрамдас бөлігін бақылап отырмыз — астық бағасын қадағалаймыз», — деп атап өтті Қауымдастық басшысы.

Сонымен бірге, құс өсірушілер ауыл шаруашылығы министрлігімен және сауда министрлігімен жұмыртқа бағасын тұрақтандыру тетіктерін талқылай отырып, диалогта отыр. Өндірушілер саланы бұрын болған мемлекеттік қолдау деңгейіне қайтару қажет деп санайды-1 жұмыртқаға 3 теңге мөлшерінде субсидиялау. Қазір субсидия мөлшері екі есе азайды, тіпті бұл қаражатты кейбір өңірлердің бюджеттерінде қаражаттың болмауына байланысты барлық құс фабрикалары ала бермейді.

Добавить комментарий