Павлодар облысында ағаштар заңсыз кесілді

Павлодар облысында жергілікті тұрғындардың бірі Ертіс өзенінің жайылмасында Железин орманшылығының 109-орамының 16-шы телімінен ағаштарды заңсыз кесіп тастады.

Павлодар облысында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының барысында ағаштарды кескен күдіктінің жеке басы анықталды.

Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, Ертіс ауданының бір ауылының 55 жастағы тұрғыны ұсталды. Ауыл тұрғыны ағаштарды кесіп, тиісті құжаттарысыз өз қажеттіліктері үшін, яғни қыста отын жинау үшін әкелгенін түсіндірді.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы ҚК 187 — бабы 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде (Ұсақ ұрлық) және ҚР ӘҚБК 381-бабы “ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау” бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Добавить комментарий