Қарағанды облысы: Педофил 23 жылға бас бостандығынан айырылды

Қарағанды облысында сот жас баланы ұрлап, оған қатысты нәпсіқұмарлық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекет жасаған ер адамға қатысты үкім шығарды.

«Жас баланы ұрлап, зорлау әрекеті қоғамдық резонанс тудырды. Бұл Қаражал қаласында орын алды. Зорлаушы 23 жылға бас бостандығынан айырылды», — деп хабарлады жұма күні Қарағанды облыстық полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллин.

Еске сала кетейік, 26 сәуірде сағат 22.26-да Қарағанды облысы Қаражал қалалық полиция бөлімінің кезекші бөліміне 30 жастағы тұрғыннан оның кәмелетке толмаған қызының жоғалып кеткені туралы арыз түскен болатын. Іздеу барысында қараусыз қалған үйде 55 жастағы қала тұрғыны анықталды, оның қасыннан кәмелетке толмаған қыз бала табылды. Сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктіні ұстады. 27 сәуірде ҚазТАГ дереккөзге сілтеме жасай отырып, ұсталған адамға педофилия тағылып жатқанын хабарлады.

Добавить комментарий