Еңбек құлдығынан түскен Өзбекстан азаматы полицейлер оны Жетісу облысындағы фермерге сатқанын айтты.
Өзбекстанның 38 жасар азаматы құлдыққа түсіп қалған. Ер адам Жетісу облысына келіп, құжаттарын жоғалтып алған. Сөйтіп ол полицейлердің қолына түскен, олар алдымен ақша бопсалаған, содан кейін алты қой мен 200 мың теңгеге құлдыққа сатып жіберді.
Шетелдік азаматтың бейнеүндеуі әлеуметтік желіде жарияланды.
Жетісу полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, бейнеүндеудің авторы анықталып, жауап алынды. ҚР ҚК 362-бабының 4-бөлігі «Билікті немесе лауазымдық өкілеттікті асыра пайдалану» бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«Аталған факті бойынша ҚР ҚК 362-бабы 4-бөлімі «Билікті немесе лауазымдық өкілеттікті асыра пайдалану» бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаймыз. Сотқа дейінгі тергеу Жеке қауіпсіздік басқармасының бақылауында», — деп түсіндірді Жетісу облыстық полиция департаменті.