Биржада доллар бағамы бір айдан бері өзгеріссіз

Қазақстан қор биржасының мәліметінше, бүгінгі сауда-саттық (2021 жылғы 21 қазанда) қорытындысы бойынша АҚШ доллары бағамы 425,71 теңге болды.

Бір тәулікте доллар шамалы ғана — 0,29 теңгеге, бір айда — 0,15 теңгеге арзандады. Қазақстанның айырбастау пункттерінде долларды 425 теңгеден сатып алып, 426,5 теңгеден сатады.

Сауда-саттық қорытындысы бойынша рубль бағамы 6,0003 теңгені (минус 0,0082 теңге) құрады.

21 қазанда желтоқсанда жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың бағасы ICE биржасында барреліне 84,95 доллар болды.

Мұнай нарығында бірнеше күн баға қымбаттағаннан кейін қайта арзандағаны байқалады, деп хабарлайды «Прайм». «Қара алтын» АҚШ Энергетика министрлігінің өткен аптада өзінің қорлары жайлы статистикалық деректерден кейін 0,4 млн баррельге төмендеп, 426,5 млн баррельге дейін жетті. Бұл ретте сарапшылар көрсеткіш 1,9 млн баррельге дейін өседі деп күткен.

Добавить комментарий