Қазақстанда 13,5 млн тонна астық бастырылды

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің деректеріне сәйкес, бүгінгі таңда елімізде 11,3 млн га астық жиналды. Бұл егін жинау алаңының 69,8%-ын құрайды.

12 ц/га орташа өнімділікте 13,5 млн тонна астық бастырылды (2021 жылы осы мерзімде орташа өнімділік 8,9 ц/га құраған болатын).

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, майлы дақылдар 337,5 мың га алқапта жиналды, жалпы жоспардың 10% орындалып, 220,6 мың тонна бастырылды

Сондай-ақ 66,5 мың га алқаптағы картоп жиналды, бұл жоспардың 34%. Жиналған өнім 1,4 млн тонна. Бұған қоса 113,1 мың гектардан 3,2 млн тонна көкөніс жиналды немесе бұл жалпы алаңның 66% құрайды

Еске салайық, жалпы астық жинаудың болжамды көлемі 18,3 млн тонна деңгейінде болжанды, оның ішінде 13,4 млн тоннадан астамы бидай.

 

Добавить комментарий