Полицейлер Қарағандыдағы қонақ үйден арқанмен секіріп құлаған әйелдің нұсқаушысын ұстады.
Куәгерлердің айтуынша, ол қауіпсіздік талаптарын өрескел бұзған.
Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметінен хабарлағандай: тергеу барысында қауіпсіздік техникасын өрескел бұзған 32 жастағы аттракционның нұсқаушысы анықталды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», — деп хабарлады Қарағанды облысы ПД бастығы Ерлан Файзуллин.
Куәгерлер қайғылы жағдайдың орын алуына не себеп болғанын айтты
Қайғылы оқиғаның куәгерлері марқұм секіргенде қауіпсіздік белбеуін дұрыс бекітпегенін хабарлады.
«Тросс байланбаған. Мұнай видеодан көрсе болады. Мен ол секірген сәтте тросстың тартылғанын көрдім. Арқан соңынан барып іске қосылды. Қауіпсіздік арқаны бекітілмеген, байланбаған тіпті тартылмаған», — деді марқұмның құрбысы Светлана Морозова.
10 қазанда 33 жастағы Қарағанды тұрғыны 25 метр биіктіктен секіріп, бетон қабырғаға құлады. Зардап шеккен адам ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Оған шұғыл түрде ота жасалды, алайда оны аман алып қалу мүмкін болмады.