Табынды іздеуге кеткен фермер жұмбақ жағдайда жоғалып кетті

Қазақстандық фермер қайтып оралмаған жылқы табынын іздеуге аттанып, жоғалып кетті. Құтқарушылар бірнеше күн бойы іздестіруді жалғастыруда, бірақ әзірге ер адамның ізіне шыға алмады.
Өңір ТЖМ-ның баспасөз қызметінде іздестіруді жалғасып жатқаны туралы хабарлап, толық мәлімет берді:      «Бірнеше күн бұрын Жылыой ауданындағы 47 жастағы шаруа қожалығының басшысы жоғалған жылқы табынын іздеу үшін мотоциклмен алқапқа аттанды. Ертеңіне үйіне оралмаған соң туыстары аудан әкімдігіне жүгінді. Іздеуге ТЖ департаментінің қызметкерлері жіберіліп, іздеуге жергілікті тұрғындар қосылды. Қызметтік иті бар полицейлер тартылды. Алқапта көрпе, содан кейін мотоцикл табылды, бірақ фермердің өзін әлі табу мүмкін болмады».

Добавить комментарий