Қырғызстандағы Қазақстан күндерінің ашылуына ел президенті Садыр Жапаров қатысты. 2021 жылғы 7 қазанда Тоқтоғұл Сатылғанов атындағы Қырғыз ұлттық филармониясында іс-шараның басталуына арналған гала-концерт өтті.
Концерттік бағдарлама аясында екі елдің мәдениет шеберлері өнер көрсетті, оның ішінде: КСРО халық әртісі Әлібек Дінішев, Қазақстанның Халық әртісі және Қазақстанның Еңбек Ері Роза Рымбаева, Қазақстанның халық әртістері Алтынбек Корозбаев, Мақпал Жүнісова және Нұржамал Үсенбаева, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі, «Астана балет» театры, домбырашылар ансамблі, «Арлан» ұлттық дәстүрлер театры, «Тұран» фольклорлық-этнографиялық тобы, «МузАрт» ансамблі, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Майра Мұхамедқызы және Қазақстанның өзге де танымал орындаушылары мен шығармашылық ұжымдары бар.
Іс-шара Қоғамдық телерадио хабарларын тарату корпорациясының, республикалық және облыстық телеарналардың тікелей эфирінде көрсетілді.