Алматыда қар ертеңге дейін тоқтаусыз жауады

Алматы мен Оңтүстік астананың маңын қалың қар басты. Тауда қар жамылғысының қалыңдығы 15 см-ге жетті.

23 наурыз күні сағат 02:00-ден бастап жауын-шашын басталды, таңғы сағат 05:00-ден бастап қар аралас жаңбыр жауа бастады

Сағат 12:00-дегі жағдай бойынша қалада 2 см, тау бөктеріндегі аудандарда – 8-10 см, таулы аудандарда – 10-15 см қар жауды, деп хабарлайды Алматы әкімдігі.

Көктайғақтың алдын алу мақсатында жолдарға көктайғаққа қарсы материалдар себілуде. 376 тонна пайдаланылды.

Коммуналдық қызметтер тротуарларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, жалпы пайдалану орындарын күшейтілген режимде тазалау үстінде. 987 жол жұмысшысы, 412 арнайы техника, 111 құмшашқыш техника жұмылдырылған.

«Қазгидрометтің» болжамына сәйкес, жауын-шашын бүгін күндіз де жалғасады, кей уақытта қатты, негізінен қар түрінде жауады, түнде қалыпты қар жауады.

Ауа температурасы күндіз 0-ден 2 градусқа дейін плюс белгісімен, түнде 1-ден 3 градусқа дейін минус белгісімен болады. 24 наурызда күндіз, сондай-ақ 25 және 26 наурызда жауын-шашын күтілмейді.

Добавить комментарий