Синоптиктердің айтуынша, ертең, 2021 жылғы 8 қазанда Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады.
«Республиканың басым бөлігінде солтүстік-батыс антициклонның әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады. Тек еліміздің солтүстік-шығысында, шығысында және таулы аймақтарында қар аралас жаңбыр жауады. Оңтүстік және оңтүстік-шығыста жел күшейеді, оңтүстікте шаң дауыл тұрады, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста, солтүстік-батыста және республиканың орталығында түнде және таңертең тұман түседі», — деп хабарлады «Қазгидромет» АҚ.
Түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында, күндіз облыстың батысында тұман түседі, оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста және таулы аудандарда жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады, екпіні 23-28 м/с жетеді.
Алматы облысының таулы аудандары мен тау бөктерінде түнде және таңертең тұман түседі, күндіз Алакөл көлдері ауданында жел 15-20 м/с күшейеді.
Қызылорда облысының орталығы мен оңтүстігінде — желдің күшеюі 15-20 м/с, екпіні 23 м/с, облыс орталығында шаңды дауыл тұрады.
Қостанай, Қарағанды облыстарының солтүстігінде, түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында тұман түседі деп күтіледі.
Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлт шығады, ауа райы жауын-шашынсыз болады. Батыстан 3-8 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы -1 +3°С, күндіз +9 +11°С.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, ауа райы жауын-шашынсыз болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Шығыстан 2-7 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде -3 +5°С, күндіз +9 +11°С болады.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады. Шығыстан 8-13 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +6 +8°С, күндіз +13 +15°С болады.