Ертең, 2021 жылғы 2 қазанда Қазақстанда қандай ауа райы күтіледі

Қазгидромет синоптиктері ертең, 2021 жылғы 2 қазанда ел аумағында тұман түсіп, көктайғақ болады деп болжап отыр.

Қазақстандық синоптиктер 2 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынады.

Қазақстанның шығыс жартысына циклон шұңқыры және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер әсер етіп, ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі, жауын-шашын болады (жаңбыр, қар), оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында кей уақытта қатты жауын-шашын күтіледі, жел күшейіп, түнгі уақытта тұман, көктайғақ болады. Қазақстанның батыс жартысы еуропалық антициклонның ықпалында болады», — деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Қостанай облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында түнде және таңертең тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады, облыстың солтүстігінде, солтүстік-шығысында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында тұман түседі, облыстың шығысында 15-20 м/с жел соғады.

Түркістан облысының таулы аудандарында, Павлодар облысының басым бөлігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді деп күтілуде.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік жартысында, Қарағанды облысының солтүстік және шығысында тұман, көктайғақ, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік жартысы мен оңтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді деп күтілуде.

Алматы, Жамбыл облыстарының оңтүстік бөлігінде және таулы аудандарында жел 15-22 м/с күшейеді, түнде және таңертең солтүстікте және таулы аудандарда тұман болады.

Добавить комментарий