Лукашенко Белорусь халқынан кешірім сұрауға негіз жоқ деп мәлімдеді

Александр Лукашенко ел халқынан кешірім сұрауға ешқандай негіз жоқ екенін мәлімдеді.

Елдегі адам құқықтарының бұзылғаны туралы ақпарат ойдан шығарылған сандырақ және фантазия, дейді Лукашенко.

«Жоқ, мен бұл мүмкіндікті пайдаланғым келмейді, — деп мәлімдеді ол бейсенбі күні CNN телеарнасына берген сұхбатында — тілші Мэттью Чэнстің тиісті сауалына жауап бере отырып. — Егер мен кешірім сұрағым келсе , беларусьтық БАҚ арқылы жасар едім. Олар елімізде жақсы жұмыс істейді. Мен не үшін CNN-де кешірім сұрауым керекпін? Бұл іске қатысты сұрақ деп ойламаймын. Мен кешірім сұрайтындай ешнәрсе істемедім».

Құқық қорғау ұйымдарының, атап айтқанда Human Rights Watch және Amnesty International мәліметтеріне сәйкес, Белорусьте, әсіресе түрмеде адам құқықтары өрескел бұзылып жатыр дегенге жауап ретінде Лукашенко америкалық журналистке Гуантанамо және Шығыс Еуропадағы ОББ-ның құпия түрмелерін еске алуға кеңес берді. «Бізде Гуантанамо сияқты түрме немесе сіздің еліңіз — АҚШ-тың Шығыс Еуропада құрған сияқты базасы жоқ, — деді Лукашенко. — Айыпталушылар мен тергеудегі адамдар қамауда отырған түрмелерге келетін болсақ, олар Ұлыбритания мен АҚШ-тағы түрмелерден жаман емес. Мен эфемерлік құқық қорғау ұйымдарын бекіту емес, нақты фактілерді талқылауды ұсынамын»

Добавить комментарий