Альберт Линдердің қайтыс болуына байланысты ауыр атлетикадан ҚР құрамасының аға жаттықтырушысы қызметінен босатылды.
Федерациялар ауыр атлет-спортшы Альберт Линдердің өзін-өзі өлтіруіне байланысты тексеруге қажетті барлық қолдау көрсетеді деп мәлімдеді.
Ауыр атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасының аға жаттықтырушысы Сергей Седов 28 қыркүйектен бастап қызметінен шеттетілді.
Шешімді сарапшылар мен спорт ардагерлері енген комиссия қабылдады. Бұған бұрынғы атлеттерінің шағымы себеп болды. Олар 25 жастағы Альберт Линдердің өз-өзіне қол жұмсауына жаттықтырушылардың қатысы бар деп сендіреді.
Алматы облыстық полиция департаменті «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.
«Тергеу барысында Комиссия 2021 жылғы 28 қыркүйектен бастап мән-жайлар анықталғанға және қызметтік тергеу жөніндегі Тәуелсіз комиссия тиісті қорытынды шығарғанға дейін ҚР ерлер ұлттық құрамасының аға жаттықтырушысы Сергей Седовты қызметінен шеттету туралы шешім қабылдады», — деп жазды ААФ ресми мәлімдемесінде.
Қазақстан Республикасы Ауыр атлетика федерациясы тергеуге қажетті барлық қолдауды көрсетуге ниетті.
Еске салайық, Альберт Линдердің қайтыс болғаны 17 қыркүйекте белгілі болды. Басқа спортшылар бұрынғы ауыр атлеттің өліміне қатысты пікір білдірген.