Орал: Есірткі зертханасының ұйымдастырушылары қаруды сақтаған

Оралда заңсыз әрекет ететін есірткі зертханаларын жою жөніндегі арнайы операция кезінде атыс қаруы табылды.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) баспасөз қызметі хабарлағандай: «28 қаңтарда Орал қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитеті «гидропоника» әдісімен марихуананы өсіру бойынша есірткі зертханасының ұйымдастырушыларын ұстады. Жедел-тергеу іс-шаралары барысында қаладағы жеке үйлердің бірінде екі азамат каннабистік топтың есірткі құралдарын заңсыз өсіргені және сақтағаны анықталды. Заңсыз айналымнан 17 кг марихуана, 100 түп қарасора мен зертханалық жабдық, сондай-ақ кесілген тегіс ұңғылы мылтық пен травматикалық тапанша тәркіленді» , — делінген бейсенбі күні хабарламада.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалы ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігі бойынша СТБТ-да тіркелді. Сот «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасын санкциялады.

Добавить комментарий