Олжас Сүлейменовтің Оңтүстік Астананың тарихи атауын қайтару қажет екені айтылған сұхбаты жарық көрген «Вечерний Алматы» газетінің таралымы сатылымнан алынды.
Таралым техникалық себептерге байланысты сатылымнан алынды, деп хабарлады «Алатау акпараты» холдингінің коммерциялық директоры.
Алматыда «Вечерний Алматы» газетінің жаңа таралымы сатылымға шығарылмады.
«Техникалық себептерге байланысты таралым бас директордың тапсырмасы бойынша сатылымнан алынды. Таралымда қате болды, осындай техникалық проблема», — деді «Алатау акпараты» холдингінің коммерциялық директоры Қуаныш Досқалиев.
Газетте Олжас Сүлейменовтың сұхбат жарияланды, онда ол оңтүстік астана Алма-Ата деп аталуы керек деп мәлімдеген. Сұхбат «Вечерний Алматы» сайтынан да өшірілді.
Қуаныш Досқалиев қабылданған шаралардың аталған сұхбатпен байланысы бар-жоғын айтпады жоқ.
«Мен газеттің саясатына жауа бермеймін, мен сату қызметіне жауаптымын. Бас директор сатылымнан ал деді — мен айтқанын істедім», — деп жауап берді ол.