Алматыда автобус жаяу жүргіншіні қағып кетті

Кеше кешке Алматыда автобус жаяу жүргіншіні қағып кетті. Дене жарақатын алған адам ауруханаға жатқызылды.

«12 қыркүйек күні сағат 20:00 шамасында SAZLE 60 маркалы автобусты тізгіндеген жүргізуші Қонаев көшесінің бойымен солтүстік бағытта келе жатып, Мәметова көшесінің қиылысында жолдан өтпек болған жаяу жүргіншіні қағып кетті», — деп хабарлады қалалық ПД-ның баспасөз қызметі.

Полициядағылар жол-көлік оқиғасына қатысты түсініктеме берді.

«Аталған дерек ҚР ҚК 304-бабы 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді», — деді Алматы қалалық ПД Анықтау басқармасының бастығы полиция подполковнигі Олжас Шәріпов.

Добавить комментарий