Учаске операциясы: Із-түссіз жоғалып кеткен ер адам табылды

«Учаске» операциясы барысында екі ай бұрын жоғалып кеткен ер адам Шығыс Қазақстан облысынан табылды.е

Естеріңізге сала кетейік! Қазір республика аумағында iшкi iстер министрінің тапсырмасы бойынша кең ауқымды «Учаске жедел алдын алу іс-шарасы жалғасуда. Оның бағыттарының бірі-шаруа қожалықтарын тексеру, iшкi iстер органдарынын кузыретiне кiретiн проблемалық мәселелерді анықтау, сондай-ақ олардың Қызметкерлерімен алдын алу жұмыстарын жүргізу.

Жақында Жарма ауданы бойынша аталған жедел алдын алу шарасы тиiмдiлiгiнiң кезектi оң нәтижесін бердi. Онда шаруа қожалықтарының бiрiн тексеру кезiнде полиция қызметкерлерi 2 ай бойы iздеуде болған 45 жастағы ер адамды тапты. Телефонын жоғалтып алған ол өзін туған-туыстарының іздестіріп жатқандығын да білмеген. Қазіргі уақытта ол туыстарымен бірге үйiне кайтарылды.

 

 

Добавить комментарий