Соңғы жылдары Ресей мен Батыс арасындағы өзара санкциялар күшейіп кетті. Бұл жағдайда Ресей Батысқа қатысты ЕАЭО-ны өзінің қосымша мүмкіндіктерін көрсететін құрал ретінде пайдалануы мүмкін.
Мәселен, РФ Сыртқы істер министрінің орынбасары Александр Панкин ЕАЭО-да Батыстың санкцияларына шоғырлғанған жауап дайындап жатқанын мәлімдеді. Беларусьте экстремистік әрекет етті деген күдікпен Роман Протасевич отырған ұшақтың қонғанына байланысты Батыс Беларуське санкция салғаннан кейін Панкин осылай деп мәлімдеді.
Қазақстан үкіметі бұл мәселеде Ресей сияқты одақтас елді қолдамай, басқа позицияны ұстанды.
Бұл мәселе бойынша ҚР СІМ басшысы ұшуды шектеуді саяси шара деп, үшінші елдердің санкцияларына жауап ретінде қандай да бір ұжымдық шараларды қолдану мәселесі ЕАЭО құзыретіне кірмейтінін мәлімдеді.
Батыс саясаттанушылары бұл жағдайға былай деп түсініктеме берді:: «Александр Панкиннің мәлімдемесін Ресей тарапынан жасалынған арандатушы әрекет деп қабылдаса болады. Мәскеу осылайша Қазақстанның сыртқы саясатында көпвекторлы бағытты ұстанатын байқады».
Беларусь одақтастас елдерге қатысты мүлдем басқаша позицияны ұстанады. Мәселен, Беларусь премьер-министрі Роман Головченко Еуразиялық экономикалық комиссия ЕАЭО-ның келесі саммитінде үшінші елдер тарапынан санкцияларға қарсы шаралар әзірлеп, ұсынады деп күтетінін мәлімдеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Одақтың экономикалық мүдделерін қорғау мақсатында қарымта шараларды келісе отырып қолдану заңды деп санайтынын атап өтті.
Қазақстандық еуропашыл саясаттанушылар мұндай шешім барлық ЕАЭО елдерінің батыстық әріптестерімен қарым-қатынасының шиеленісуіне алып келеді деп есептейді.