Дамушы елдердің валюта бағамыы өсуде

Биылғы жылғы 3 қыркүйектегі сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллардың нарықтық бағамы бір АҚШ доллары үшін 424,85 теңге деңгейінде қалыптасты.

Осылайша, ұлттық валюта бір аптада 0,2%-ға (425,74-тен) нығайды.

Дамушы елдердің басым бөлігінде валюта бағамы өсімді көрсетті.

Бұл туралы ҚР Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.

Дамушы елдердің валюта бағамы долларға қатысты динамикасы былайша қалыптасты:

  • — оңтүстікафрикалық ранд тамыз айында талдаушылардың экономикалық белсенділіктің өсуі туралы деректердің шығуы аясында 2,8%-ға (14,72-ден 14,31-ге дейін)нығайды (49,9 пунктке дейін);
  • — доллар бағамының жаһандық әлсіреуі аясында мексикалық песо 1,3%-ға (20,2-ден 19,93-ке дейін) нығайды. Орталық банк басшысы хабарлағандай, заңға сәйкес, халықаралық резервтер ұлттық валютаның сатып алу қабілетін арттыру үшін пайдаланылуы тиіс;
  • — индонезиялық рупия тәуекел-сентименттің жақсаруы және доллар бағамының жаһандық әлсіреуі аясында 1,1%-ға (14 418-тен 14 263-ге дейін) нығайды. Үкімет борыштық нарықты дамыту және тереңдету мақсатында нарықтың жергілікті қатысушылары үшін облигациялардан түсетін табысқа салынатын салықты 15%-дан 10%-ға дейін төмендетті;
  • — үндістандық рупия АҚШ ФРЖ басшысының түсініктемелерінен, сондай-ақ АҚШ еңбек нарығы бойынша әлсіз деректерден кейін 0,9%-ға(73,69-дан 73,02-ге дейін) нығайды. Орталық банк интервенциялар мен мемлекеттік шығындарға байланысты 8 трлн рупия өтімділікті алып қою жөніндегі құралдардың кеңейтілгенін мәлімдеді;
  • — Ресей рублі дамушы нарықтар валюталарын нығайтудың жалпы трендінен кейін 0,9%-ға (73,45-тен 72,8-ге дейін) нығайды;
  • — түрік лирасы базалық ставка деңгейінің 19% асатын тамыздағы инфляцияның 19,25%-ға дейін жеделдегені туралы деректерге қарамастан, 0,4%-ға (8,35-тен 8,32-ге дейін) нығайды;
  • — бразилиялық реал 0,2%-ға (5,2-ден 5,19-ға дейін) нығайды. 2021 жылғы II тоқсанда экономиканың қысқарғаны жайлы деректерге байланысты бразилиялық реалды нығаюы шектелді.

Добавить комментарий