Қазақстанда доллар бағамы төмендеді

Биржадағы сауда-саттықта доллар бағамы өткен жылдың маусымынан бері алғаш рет 435,69 теңгеге дейін төмендеді.

Хабарламада айтылғандай, 2023 жылғы 2 наурыз күні Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық қорытындысы бойынша осындай бағам белгіленген.

Бір тәулік ішінде доллар бағасы 5,98 теңгеге, бір айда 24,83 теңгеге төмендеді.

Қазақстанның ақша айырбастау пункттерінде долларды 433-434 теңгеден сатып алып, 438-438,5 теңгеден сатып жатыр.

ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың мамыр айында жеткізілетін фьючерстерінің бағасы барреліне 84,6 долларды құрайды.

 

Добавить комментарий