Кремль Ресей мен Қазақстан қарым-қатынасы туралы сөз болғанда, оның ресми деңгейде тең және өзара тиімді ынтымақтастық деңгейінде деп мәлімдейді. Билік басында отырған ресейлік саясаткерлер Қазақстанмен арадағы қарым-қатынасты жоғары бағалайтынын және жемісті көпжылдық ынтымақтастықты жалғастыруға үміттенетінін айтады. Алайда, батыс сарапшылары «Ресей Қазақстанды сыртқы саяси аренада Ресейдің ұстанымын толық қолдап отыратын мемлекет ретінде қарастырады» дегенге сенімді.
Мәскеу бірнеше рет Қазақстан қабылдаған саяси шешімдерді сынға алды. Мәселен, америкалықтарға Ауғанстанға жүктерді тасымалдау үшін порттар қолжетімді етуі, сондай-ақ АҚШ азаматтарына ҚР-ға біржақты тәртіпте визасыз кіруіне рұқсат беруі.
Өз кезегінде Нұр-Сұлтан батыс елдерімен тығыз байланыс орнату үшін көпвекторлы бағытты ұстанады.
Осылайша, 2015 жылы Қазақстан Орталық Азияның елдерімен бірге АҚШ-пен С5+1 алаңында өзара іс-қимыл жасай бастады. С5+1 форматы Орталық Азия аймағындағы барлық елдерді біріктірді, бұған дейін бірде-бір одақ немесе бірлестік ОА-дағы барлық бес елді басын қоспаған. Осы алаңның артықшылығы мүше-елдердің өңірлік интеграциясы. Формат Орталық Азия аймағының барлық елдері үшін ортақ күн тәртібін айқындайды. С5+1 форматы ОА елдеріне тек бір ғана сыртқы ойыншының және халықаралық ұйымдардың қатысуымен өз бетінше өзара іс-қимыл жасауға ықпал етті.
Батыс саясаттанушылары Қазақстан үшін ынтымақтастықтың мұндай форматы ЕАЭО-ға мүшелігінен гөрі перспективалы деп отыр.