РФ-дағы «Шетелдік агенттер» туралы заң — құқықтар мен бостандықтарға қарсы ма?

Ресей Федерациясындағы жаңа заң жобалары биліктің ел аумағында бақылауды күшейтіп отырғанын көрсетеді. Навальный және оның жақтастары қатысты оппозициямен күресті батыс сарапшылары Ресей азаматтарының құқығы мен бостандығын бұзу деп санайды. Әңгіме Навальныйды қолдауға арналған наразылық шараларын ұйымдастырушыларының үй қамаққа алу туралы болып отыр.

Ресейде қабылданып жатқан заңдар арқылы билікті өзгертуге бағытталған жұмысты заңнамалық деңгейде жүргізуге тыйым салынады. Батыс саясаттанушылары бұл сыни пікір білдіретін немесе билікке барынша адал болмаған адамрдың үнін өшіруге бағытталған әрекет деп санайды. 1 наурыздан бастап Ресейде «шетелдік агент» қызметін бұзғаны үшін неғұрлым қатаң жазалар күшіне енді. Бұл жерде жоғары сомадағы айыппұл мен 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру туралы сөз болып отыр.

Айта кету керек, осы заңға сәйкес, жеке тұлға да «шетелдік агент» деп танылуы мүмкін. «Шетелдік агенттерге» шетелден материалдық көмек алатын тұлғалар жатқызылуы мүмкін. Осылайша, 2020 жылдың желтоқсанында «шетелдік агенттердің» тізіміне енген алғашқы 5 адамның 2-еуі құқық қорғаушы және үшеуі өңірлік журналист болды.

Лев Пономарев БАҚ-«шетелдік агент» тізіміне енген алғашқы бестіктің ішіндегі ең танымал тұлға. Ол «Адам құқықтары үшін» қозғалысының негізін қалаушы. Пономарев құқық қорғаушы бола отырып неліктен журналист ретінде танылғанын өзі де түсінбей отыр. Оның айтуынша, ол Facebook парақшасында белгілі бір жаңалықтарға немесе жарияланымдарға сілтеме жасағандықтан ғана БАҚ-«шетелдік агент»  деп аталған. Бұл оның БАҚ өкілі ретінде тізімге енуіне себеп болды. Айта кетерлігі, бұған дейін «шетелдік агент» деп танылған Пономаревтің «Адам құқықтары үшін» қоғамдық ұйымы заң қабылданған кейін таратылған болатын.

Сондай-ақ, осы 5 адамның ішінде Псковтық журналист Людмила Савицкая да бар. Ол Facebook-тегі әрбір жазбасы немесе Instagram-дағы фотосуреті немесе кез келген сайтта жарияланған материалдарға «шетелдік агент» таратты, жасады немесе орналастырды деп белгілеу керек.

Ресей билігі «шетелдік агент» тізіміне кірген барлық жеке тұлғалар өздерінің жарияланымдарына осындай тіркеумен белгілеуге міндетті. Людмила Савицкая Ресей билігі «шетелдік агент» деп танылған адам ретінде, кез келген ақша аударымы үшін, тіпті жақын туыстары салса да, есеп беруге міндетті.

Қабылданған заң жобасы биліктің кез келген адамды немесе ұйымды «шетелдік агент» деп тануға, олардың қызметіне, олардың шоттарына тосқауыл қоюға, айыппұл салуға немесе бас бостандығынан айыруға құқық береді. Қазіргі таңда «шетелдік агент» тізіміне енгізіп жатыр. Осылайша, Ресей билігі өздеріне қарсы шығып, сын пікір білдіруден аулақ болуды аңғартып отыр. Бірақ уақыт өте келе Кремль режимді одан әрі күшейтуі мүмкін.

Добавить комментарий