Талғар ауданының тұрғыны қаруды заңсыз сақтады деген күдікпен ұсталды

Жедел іс-шараларды жүргізу кезінде алматылық полицейлер көліктердің бірінен екі атыс қаруын тапты. Тапаншаның болжамды иесі ұсталды. Оның тұрғылықты жері бойынша тінту жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде тағы бірнеше қару тәркіленді.

Күдікті азамат Жандосов пен Яссауи көшелерінің қиылысында ұсталды.

Тергеу сотының рұқсатымен көлік құралын және жеке айыпталушыны тінту кезінде патрондары бар екі тапанша табылды және тәркіленді. Тұрғылықты жеріндегі (Алматы облысы Талғар ауданы) құпия орнынан тағы алты қару, оның ішінде 12-ші калибрлі «Винчестер», граната және 60 патрон табылды. Қару тәркіленіп, сот-баллистикалық сараптамаға жіберілді, — деді Алматы ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы.

Қуатбек Науатов күдіктінің үйінен ұнтақ зат салынған 4 бума табылғанын хабарлады.

Күдікті ұсталған кезде ер адам есірткіге мас болған. Ол ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК 287 бабы 3 бөлігіне сәйкес жүргізілуде, — деп қорытындылады Науатов.

Добавить комментарий