Ақмола облысында ер адам КамАЗ жүк көлігінің кабинасынан құлады

Ақмола облысында ер адам КамАЗ жүк көлігінің кабинасынан құлап, қаза тапты.

«48 жастағы ауыл шаруашылығы кәсіпорнының қызметкері КамАЗ маркалы жүк көлінің жолаушылар орындығында белгісіз жағдайда кабинадан құлап, жүк көлігінің артқы дөңгелегінің астына түсті. Ер адам алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды», — деп хабарлайды Ақмола облысы ПД.

Қайғылы оқиға кезінде ауыр жүк көлігін 25 жастағы ер адам тізгіндеген.

Қазіргі уақытта Сандықтау АПБ тергеу бөлімі аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі «Автомобильді, троллейбусты, трамвайды не басқа механикалық көлік құралын басқаратын адамның жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Добавить комментарий