Павлодарда жүргізуші нәресте мен зейнеткерді қағып кетті

Павлодарда жүргізуші нәресте мен зейнеткерді қағып кетті. Ауыр жарақат алған бала облыстық ауруханаға жатқызылды.

«Төрт айлық қыз баланың миы шайқалып, жабық бас сүйек-миы жарақаттанған», — деді денсаулық сақтау басқармасының өкілдері.

Зардап шеккен 75 жастағы әйел амбулаториялық жағдайда ем алып жатыр. Оның кеуде қуысы, жамбас сүйегі, сондай-ақ оң жақ тізесі көгерген.

Куәгерлердің айтуынша, жүргізуші жол апатынан кейін оқиға орнынан қашып кетпек болған, бірақ орындыққа барып соғылған.

29 тамызда БҚО-да трактор аударылып, сегіз жасар қыз бен 27 жастағы ер адам қаза тапты.

Добавить комментарий