Қарағанды облысындағы тергеу изоляторының камерасында педофилияға күдікті ер адам өлі күйінде табылды. Бұл туралы жергілікті қылмыстық-атқару жүйесі департаменті хабарлады.
«6 қазанда тергеу изоляторында жас қызды зорлады деген күдікке ілінген адамның денесі табылды. Жедел медициналық жәрдем бригадасы қайтыс болғанын анықтады. Өлімнің алдын ала болжам бойынша себебі — суицид. Тексеру кезінде өлген адамның денесінде дене жарақаттары табылмады. Бұл факті сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Қарағанды қаласынан тергеу тобы келді. ҚАЖК департаменті қызметтік тексеру тағайындады «, — деп түсіндірді Қарағанды облысы ҚАЖД баспасөз хатшысы Рустам Қаюпов.
2020 жылдың 23 шілдесінде Сәтпаевта бес жасар қыз жоғалып кетті, оны бірнеше сағаттан кейін көп қабатты үйдің пәтерлерінің бірінен тауып алды, ол жерде бөтен ер адам болған. Қала тұрғындары оқиға орнына жиналып, ұсталған күдіктіні өздеріне беруді талап еткен болатын.
Сәтпаевтағы тәртіпсіздік түні бойы жалғасты. Тас пен таяқпен қаруланған бір топ ашуға булыққан жастар полиция ғимаратына кірмекші болды. Олар қақпаны, қаза тапқан полиция қызметкерлерінің ескерткішін сындырып, полиция ғимаратының периметрі бойынша шамдарды сындырып, терезелердің әйнектерін қағып тастады. Сыртқы бейнебақылау камералары мен қызметтік автокөлік бүлінген.
Кейінірек полиция сол түнгі оқиғалардың бейнехроникасын жариялады.
Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді: адамды ұрлау және кәмелетке толмаған баланы зорлау.