Неліктен Ресей орыс тілінің мәртебесіне нұқсан келтірмек болып отырған Қазақстан үкіметін қатаң сынға алуда? Батыс саясаттанушыларының пікірінше, егер Қазақстанда қазақ тіліне басымдық беретін болса, онда Ресейдің көршілес елге қатысты «жұмсақ күш» саясатын қолдануы қиындай түседі.
Жұмсақ күш — бұл мәжбүрлеп, күш қолданатын «қатаң күшпен» салыстырғанда ерікті қатысу, қызығушылық пен тартымдылық негізінде, қалаған нәтижелерге қол жеткізетін саяси биліктің формасы. «Қазақстан ұзақ уақыт бойы Ресей империясының, артынан КСРО-ның құрамында болды. Осы уақыт ішінде қазақ халқы Ресейді орыс тілі мен мәдениетімен Қазақстанды еуропалық өркениетке баулитын мемлекет деп қабылдады. Кеңес одағы күйрегеннен кейін Қазақстан көршілес елдің «көмегінсіз» Батыспен өз бетінше өзара ынтымақтастық орнатты», — деп мәлімдейді батыстық сарапшылар.
Орыс тілінің жоғары мәртебесі халыққа Қазақстанның саяси және географиялық шекараларынан тыс елдерде қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді. Орыс тілін кемсіту адамдарды жақсы араласатын жақындарынан шеттетіп, халықты қазақ тілді тұрғындар шеңберінде қалыптастырады. Бұл қазақстандықтарға ресейлік және басқа да орыс тілді БАҚ-тардан ақпарат ала алмай қалады, сондай-ақ шет елде тұратын орыс тілді ортамен араласу мүмкіндігінен айырады.
Қазіргі таңда қазақстандықтар жаңалықтарды ресейлік ақпараттық және медиакеңістікте оқиды. Осылайша, Ресейдің әлеуеті зор және ғаламтор кеңістігі арқылы ықпал ете алатын қуатты ресурсы бар.
«Стратегия» әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығы» қоғамдық қорының мәліметінше, Украина дағдарысында ел тұрғындарының 64%-ы Ресейге қолдау көрсеткен. Сонымен қатар, жергілікті ақпарат құралдарының орнына Ресейлік БАҚ-ты оқитындар 80% болды.
Қазақстанда 1,1 миллион оқушы орыс тілінде білім алады. «Орыс әлемі қоры» секілді ресейлік қоғамдық ұйымдар Қазақстандағы орыс мәдениетін дәріптейді. Аталған қор тілді үйретіп қана қоймай, Ресей тарихымен, мәдениетімен және салт-дәстүрлерімен танысуға мүмкіндік береді.
Батыс саясаттанушылардың пікірінше, «ҚР-да билік басында отырғандар Ресейдің ықпалын тіл саясаты арқылы шектеп, сол арқылы халықтың ұлттық сәйкестілігін қалыптастырмақ».