Германия мен Қазақстан жасыл экономиканы дамытады

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Роман Скляр және неміс компанияларының басшыларымен өткен онлайн-кездесуде «жасыл экономиканы» шикізатты декарбонизациялау, қайта өңдеу және сутегі экономикасы саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Кездесуге Siemens Energy, Linde, Deutsche Bahn, REMONDIS, Deutsche Bank, Bayer, SAP, Goldbeck Solar және басқа да 80-нен астам жетекші неміс компанияларының басшылары мен өкілдері қатысты.

Герман экономикасы Шығыс комитетінің басқарушы директоры Михаэль Хармс сөз сөйлеп, екі елдің сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығын дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Онлайн-кездесу барысында Германияның жетекші компанияларының басшылары «жасыл экономиканы» дамыту перспективаларына, екіжақты ынтымақтастық әлеуетіне және бірлескен жобаларды іске асыруға ерекше назар аударды. Кездесу соңында «сұрақ-жауап» форматында пікірталас өтті.

Добавить комментарий