Есірткі зертханасын ашқан адам 11 жылға бас бостандығынан айырылды

Алматы соты жасырын есірткі зертханасын адамға қатысты үкім шығарды.

Зертхана анықталып, оны ашқан адам 2020 жылдың тамыз айында Наурызбай ауданының аумағында орналасқан бау-бақшалардың бірінде ұсталды.

Есірткі зертханасына айналған үйден синтетикалық есірткі өндіруге арналған арнайы жабдықтар табылып, тәркіленді. Сондай-ақ, аса ірі көлемдегі дайын өнім — «Мефедрон» және а-PVP психотроптық заттар тәркіленді, — деді Алматы қаласы ПД Тергеу басқармасы бастығының орынбасары Әділ Салаев.

polisia.kz сайтында белгілі болғандай, синтетикалық есірткі өндірісі үшін қолданылатын заттар мен зертханалық қондырғылардан тұратын жүктің Алматыдағы көлік-логистикалық компаниялардың біріне жеткізілуі полицияның назарын аудартты. “Жүктің” тапсырыс берушісі 45 жастағы К.есімді ер адам болып шықты.

Жүргізілген арнайы іс-шаралар оның заңсыз әрекетін және есірткі зертханасын анықтады. Ер адам ұсталды және сот оны ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі 3-тармағы (Аса ірі көлемде психотроптық затты сату мақсатында заңсыз дайындау және сақтау) бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп таныды.

Ол 11 жылға бас бостандығынан айырылды.

Добавить комментарий