ҚР Экология министрлігінде айтылғандай, республика тұрғындары ағзаның қалыпты жұмыс істеуіне қажеттіліктен әлдеқайда аз мөлшерде балық жейді.
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевтің айтуынша, қазақстандықтар басқа көптеген елдердің тұрғындарымен салыстырғанда балықты тамаққа аз қолданады. Ол көрсеткішті салыстыра келіп: көрші Ресейде жан басына шаққанда балық тұтыну шамамен 22,9 кг, Қытайда — 44,5 кг, ал Қазақстанда бұл көрсеткіш жылына төрт килограмға кем. Сонымен қатар, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әрбір адамға жылына кемінде 16 кг балық өнімдерін тұтынуды ұсынады.
Жалпы, оның айтуынша, отандық балық нарығының құрылымы 66 мың тоннаны құрайды, елімізде мыңнан астам балық шаруашылығы субъектілері жұмыс істейді. Өткен жылы шамамен 45 мың тонна балық ауланған. Қазақстанның балығы ішкі нарықтың қажеттіліктері үшін ғана емес, ішінара экспортталады.
Нақтырақ айтқмақ, 60 млн доллардың 30 тоннасы басқа елдерге тасымалданып, ал 43,5 мың тонна балық және түрлі балық өнімдері импортталады. Оның айтуынша, Қазақстаннан Ресейге жылына кемінде 10 мың тонна экспортталады. Хабарланғандай, балық нарығының әлеуетті тауашасы жылына шамамен 700 мың тоннаны құрайды, оның ішінде шекара маңындағы өңірлерде жылына шамамен 150 мың тонна өндіріледі. ҚХР-ға жылына 1 мыңнан кем экспортталады, ал потенциялды тауаша жылына шамамен 2,6 млн тоннаны құрайды. Ет және ет өнімдері — қазақстандықтардың көпшілігінің тамақтану рационының маңызды құрамдас бөлігі.