Қайын апасы ұзақ жылдар бойы жарымжан келінін қорлап келген

Бұл жантүршігерлік оқиға әлеуметтік желіде жарияланды.

Келіншек туылғанынан жетім қалған, ақыл-есі кеміс. Күйеуі де өзі сияқты жарымжан. Барлық құжаттар үнемі ұрып-соғып, қорлап келген қайын апасының қолында тұрады, — делінген жазбада.

«Ыза-күйікпен, ашуланып істедім. Істеген себебім, шешем газплитаны «жу» деген екен, ол жумапты. «Неге сен жумайсың, жуа салмайсың ба» дедім. Одан кейін вилканы қалай плитаға қыздырып, басқанымды өзім байқамай қалдым. Бүкіл Қазақстан халқынан кешірім сұраймын», — деп мәлімдеді әйел.

Интернетте бетінде ыстық шанышқының ізі қалып қалған келіншектің фотосы жарияланды.

Суреттің астында Гүлмира Әбіқай ұзақ жылдар бойы қорлық көріп келген бақытсыз әйелдің басынан не өткергенін жазды.

«Гүлзира еңбекқор, жұмысқа төзімді, сауаты жоқ, ақша санай алмайды, кім не айтса соны істеп еріп кете береді», — деп жазады.

Жазба авторының айтуынша, қайын апайы мүгедектігі бойынша жәрдемақы түскен картаны алып, бірнеше мәрте оған қол көтерген. Егер Гүлзираның сіңлісі кездейсоқ келіп қалмағанда, бәрі күйінде құпия қалар еді. Ол әпкесі мен жиенін алып кетіп, ауруханаға жатқызды.

Облыс полициясы ешкім арызбен жүгінбегенін айтты.

Түркістан облысының полицейлері қажетті шараларды атқарып жатыр. Негізі бүгінге дейін Отырар АПБ-ға осы жазбадағы жайт бойынша ешкім арызданбаған және хабарлама түсірмеген. Десе де бұл жайт ПД бастығының жеке бақылауына алынды, — деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.

Добавить комментарий