Қазақстанның экс-президенті праймериздің басталуына байланысты сөз сөйледі

Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарға Nur Otan партиясының төрағасы ретінде үндеу жасады. Ол қабылданған саяси қуатты бағдарлама туралы айтып берді.

«Құрметті отандастар! Осыдан үш жыл бұрын конституциялық реформа жүргізілді. Партиялық-саяси жүйені терең жаңғыртудың негізі қаланды. Парламенттің рөлі мен Үкіметтің есеп беруі күшейтілді. Өкілді органдар сайлауының пропорционалды жүйесіне көшу іске асырылды. Биыл саяси партияларды тіркеудің сандық шегі 2 есеге төмендетілді. Партиялық тізімдерде әйелдер мен жастарға 30% квота енгізілді. Партиялар билікке жаңа тұлғаларды — өз ісінің мамандарын, беделді көшбасшыларын, ел тағдырын қолдайтын, шешім қабылдай алатын және сындарлы ұсыныстар енгізе алатын адамдарды ұсыну көзіне айналуы тиіс, — делінген Елбасы сайтында жарияланған хабарламада.

Өзінің тарихи жауапкершілігін сезіне отырып Nur Otan «Сенім. Диалог. «Болашаққа деген сенім” бағдарламасын қабылдады.

Басқарушы партияны «қайта жүктеудің» нәтижесі бүкіл ел бойынша ауқымды праймериздер өткізуі болады. Бұл — ішкі партиялық сайлау. Бұл нақты әлеуметтік лифт. Бәсекелестік іріктеу, жаңа идеялар мен жобаларды іздеу. Көптеген танымал саясаттанушылар мен азаматтық белсенділер бұл идеяны қолдады. Олар Nur Otan қолдаушылар лигасына біріккен және реформаларға қатысуға дайын белсенді азаматтық ұстанымы бар адамдар. Біз ашық және есеп беретін ішкі партиялық сайлауға қажетті жағдай жасадық. Ең бастысы — барлық қатысушылар үшін ашықтық пен адалдықты, тең жағдай мен бәсекелестікті қамтамасыз ету. Сенім мен өзара құрмет ахуалында азаматтарды толғандыратын мәселелер көтерілетініне сенімдімін, — деп атап өтті ол.

Айтылған мәселелерді партия «қарындашқа» алуы тиіс.

Барлық шешімдерді әрбір ауданның, қаланың, облыстың сайлауалды бағдарламаларына енгізу үшін бюджеттің мүмкіндіктерімен байланыстыру қажет. Ел алдында пандемиядан кейін экономикалық өсімді қалпына келтіру, жұмыс орындарын құру, шағын және орта бизнес жұмысын жандандыру мәселесі тұр. Сондай-ақ, пандемиямен күрес проблемасын талдап, екінші толқын жағдайына дайындалу керек. Осының барлығы партияның сайлауалды бағдарламасына еніп, нұротандықтардың алдағы 5 жылға арналған іс-қимылдарына жетекшілік етеді. Барлық партиялықтар мен Nur Otan жақтастарын еліміз үшін маңызды осы саяси оқиғаға белсене қатысуға шақырамын!

Добавить комментарий