Қазақстанда АЭХА сарапшылары жұмысын бастады


  • Warning: file_get_contents(/home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/uploads/2023/02/speech-49165-1677567086-1.mp3): failed to open stream: No such file or directory in /home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/themes/news-theme/single.php on line 38
  • Прослушать

АЭХА сарапшылары Қазақстанға еліміздің ядролық-энергетикалық инфрақұрылымын дамытудың кешенді есебін жетілдіруге көмектеседі. Миссияның жұмысы басталды. Сарапшылар есепті жетілдіруге көмек көрсетуге кірісті.

Жобаға ұйымның және сыртқы халықаралық сарапшылардың өкілдері қатысады. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігі хабарлады.

Миссия шеңберінде Қазақстанның ядролық-энергетикалық инфрақұрылымын дамыту, оның ішінде бірінші АЭС салу жөніндегі мәселелердің кең спектрін қамту жоспарлануда. АЭХА миссиясы 2023 жылдың 3 наурызына дейін жалғасады.

Сарапшылар миссиясына қатысуға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі, ҚР Ұлттық ядролық орталығы; Ядролық физика институты, «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС, «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы, «KEGOC» АҚ электр желілерін басқару жөніндегі ұлттық операторы және Ғылыми- ядролық технологиялар қауіпсіздігі техникалық орталығының өкілдері шақырылды.

«Айта кету керек, АЭХА-ның «Ядролық энергетиканың ұлттық инфрақұрылымын дамыту кезеңдері» тәсілінің басшылық қағидаттарына сәйкес кешенді есеп I кезеңге – ядролық-энергетикалық бағдарламаға қатысты саналы міндеттеме алуға дайын болуға сәйкес келеді және ядролық-энергетикалық бағдарламаны жүзеге асырудың негіздемесі мен стратегиясын қамтиды», — деп атап өтті ведомстводағылар.

Добавить комментарий