Олимпиада ойындары: ХОК ұранын өзгертті

Халықаралық олимпиада комитетінің (ХОК) Токиода өткен сессиясында жаңа ұранды бірауыздан қабылдады

Енді ұран «Тезірек, жоғары, күшті — бірге» (латынша: citius, altius, fortius — communis) болады.

Бұл тарихи сәт, — деп мәлімдеді ХОК басшысы Томас Бах.

Осыған дейінгі ұран 1894 жылы бірінші олимпиадалық конгрестің шешімімен бекітілген.

Токиода өтетін ойындар 23 шілде мен 8 тамыз аралығында өтеді. Бастапқыда ойындар 2020 жылғы жазда өтуі керек еді, алайда пандемия салдарынан Олимпиаданы ауыстыру туралы шешім қабылданды.

Үш сөзден тұратын сөзді алғаш рет француз дін қызметшісі Анри Дидон колледжде өткен спорттық жарыстардың ашылуында айтқан. Бұл сөз барон Пьер де Кубертенге ұнап қалады, бұл бүкіл жер бетіндегі спортшылардың мақсатын айқын көрсетеді деп есептейді. Осы ұран бастапқыда «citius, fortius, altius» деп айтылған, оны 1894 жылы бірінші олимпиадалық конгресс (Дидонның авторлығы көрсетілген) бекітіп, 1894 жылы жарық көрген ХОК ресми бюллетенінің бірінші басылымының титулдық бетінде пайда болды.

Добавить комментарий