Азаматтығын ауыстырған балаларға Ұлттық қордан қаражат бөлінбейді

Қазақстан Экономика министрлігінің басшысы балалар азаматтығын ауыстырған жағдайда ҚР Ұлттық қорынан қаражат алмайтынын айтты.

Әлібек Қуантыров ҚР Ұлттық қордың қаражаты балаларға қалай бөлінетіні туралы мәселеге түсініктеме берді.

«18 жасқа толғанда балалардың алатын табысына салық салу жоспарланбаған. Егер бала өз азаматтығын ауыстырса, онда ол бұл қаражатты алмайды, басқа балаларға бөлінеді. Бала шетелге кете алады, егер ол өз азаматтығын ауыстырмаса, онда ақшасы оған тиесілі болып қалады. Сондай-ақ, егер бала 18 жасқа толғанда әлі де ҚР азаматы болса, онда бұл ақша оған қалады», — деп түсіндірді Үкімет кулуарында Әлібек Қуантыров.

Ұлттық экономика министрі 2022 жылы немесе 2023 жылға алғашқы табыс алу жоспарланып отырғанын айтты.

«Бұл қаражат ағымдағы жылы бөлініп, келесі жылға дайындалады және келесі жылға есептеледі», — деп түйіндеді ол.

Добавить комментарий