Алматылық мектептерде оқушыларға факультативтік сабақтар өткізу үшін жылыжай орнатуға екі миллион доллар жұмсалады.
Мұнымен «Жасыл мектептер» жобасы аясында Болат Өтемұратов қоры айналысатын болады. Алматыдағы мектептердің бірінде алғашқы жылыжай ашылды
Бірінші кезеңде Алматыдағы 16 мектепте жылыжай орнатылады. Кейін олар Нұр-Сұлтан және Шымкенттегі мектептерде пайда болады.
Жобаның бірінші кезеңі Болат Өтемұратов Қоры 16 мемлекеттік мектепте жылыжай орнататын Алматы қаласынан басталады. Алдағы екі жылда тағы 40 жылыжай орнатылатын Нұр-Сұлтан және Шымкент қалалары осы бастамаға қосылады. Алғашқы жылыжай Алматы қаласы Түрксіб ауданының № 177 мектебінде ашылды.
Жаңа оқу жылында осы бастама аясындағы факультативтік сабақтар Алматы қаласының он алты мемлекеттік мектебінің 5-7 сынып оқушылары үшін өткізіледі. Бағдарламаның үш жыл ішіндегі жалпы бюджеті шамамен 2 млн долларын құрайды.
«Жасыл» технологиялар мен экологиялық тұрғыдан ойлау – біздің күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігіне айналған ғаламдық тренд. Сондықтан ерте жастан балаларды эко мәдениетке тәрбиелеу және қоршаған ортаға ықыласпен қарауға үйрету өте маңызды.
«Еліміздің жасыл қорын сақтау саласындағы жобаларды іске асыруда Қордың тәжірибесі бар. 2020 жылы біз Алматы қаласының Бас ботаникалық бағының ауқымды қайта жөнделуін жүзеге асырдық. «Жасыл мектептер» жобасына біз өсімдік шаруашылығы, агрономия саласындағы үздік сарапшыларды, сондай-ақ органикалық ауыл шаруашылығымен айналысатын Алматы облысының фермерлерін жұмылдыруға тырыстық. Біздің басты мақсатымыз – болашақта жобаның тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін жылыжайдағы сабақтарды мектеп бағдарламасына енгізу», — деді Болат Өтемұратов Қорының директоры Марат Айтмағамбетов.
Барлық жылыжайлар тамшылатып суарудың, жылытудың және жарықтандырудың заманауи жүйелерімен жабдықталған. Өсімдіктердің биосинтезі мен өсіп-өнуін қолдайтын, олардың өсуін жақсартып, өнімділігін арттыратын көк және қызыл диодтары бар ұзындығы 60 м болатын фито таспалар өсімдіктер үшін пайдалы жарықтандыруды қамтамасыз етеді. Қыс мерзімінде көкөніс және жидек дақылдарының тоңдануын болдырмау үшін инфрақызыл жылытқыштар орнатылған және топыраққа жылыту кабелі төселген. Жылытқыштардың жұмысы ішкі және сыртқы термо реттегіштердің деректеріне байланысты. Бұл жылыжайда қажетті температураны алдын ала белгілеуге және ол төмендеген кезде жылытқыштарды автоматты түрде қосуға мүмкіндік береді.
Жылыту кабелі жылыжайдың периметрі бойынша төселінген және топырақтың тоңдануын болдырмайды, ал оның қосылуы мен өшірілуі автоматты түрде бақыланады. Осының бәрі қысқы суықтың өсімдіктерге әсерін барынша азайтуға көмектеседі. Жылыту және жарықтандыру жанбайтын кабель арқылы берілетін электр энергиясы арқылы жұмыс істейді, барлық кабель желілері қорғалған гофрленген құбырда төселеді, ал жалғау элементтері тармақтағыш қораптармен қорғалған.
«Бұл керемет бастама. Алматы «Жасыл мектептер» бағдарламасы іске қосылған Қазақстанның алғашқы қаласы болды, ал қала оқушылары жыл бойғы жылыжайда жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігіне ие болады. Факультатив және биология сабағы аясындағы тәжірибелік сабақтар пайдалы әрі өзекті болатынына сенімдімін», — деп санайды Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев.
Жылыжайлардағы жұмыс мектеп бағдарламасын тәжірибелік сабақтармен толықтыруға және мұғалімдер үшін қызықты факультативтік сабақтар өткізуге тамаша мүмкіндік береді. Мектеп оқушылары көкөніс, жидек және көкшөп өсіреді, ал егін мектеп ұжымдары арасындағы демонстрациялық жобалар мен байқауларда пайдаланылады.