Теннисші Юлия Путинцева Австралияда өтіп жатқан ашық біріншілікте румыниялық спортшыны ұтып, келесі айналымға өтті.
Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.
«Юлия Путинцева (әлемнің 47-ші ракеткасы) Australian open чемпионатының бірінші айналымында Румыния өкілі Соран Кырстиді (әлемнің 47-ші ракеткасы) 2-6, 6-4, 6-3 есебімен жеңді.. Кездесу 1 сағат және 53 минутқа созылды», — делінген хабарламада.
ҚТФ жаңбыр салдарынан ойын тоқтатылып, екі сағаттан кейін қайта жалғасқанын айтты.
Келесі айналымда қазақстандық теннисші чехиялық Каролина Плишковамен (әлемнің 31-ші ракеткасы) кездеседі.