Қазақстан Орталық Азия елдері сияқты 30 жылдан бері тәуелсіз мемлекет болып табылады. Осы уақыт аралығында ҚР неғұрлым дербес әрі егеменді ел болып, көршілес және батыс елдерімен де өзара тиімді қарым-қатынас орнатты.
Бірте-бірте ҚР кеңестік жұрнақтан (Семей полигонын жабу, ядролық қарудан бас тарту, көше атауын өзгерту) арылуда. Сондай-ақ, ҚР үкіметі қабылдаған бірқатар шешім Ресейдің ықпалын шектеуге бағытталған (тілдік реформа, АҚШ және Еуроодақпен ынтымақтастықты нығайту).
Батыс сарапшылары Қазақстан мен батыс елдері арасындағы қатынастың нығаюына байланысты, оларға ақпараттық қысым жасалуда деп есептейді.
Олардың пікірінше, Қазақстанның ЕАЭО-ға мүшелігі олар үшін үлкен проблема болып отыр, себебі ЕАЭО-ның мүше-елдердің саяси өміріне ықпалы зор.
Бұдан бөлек, ЕАЭО-ның ықпалы Ресейдің Орталық Азия өңіріндегі ықпалын нығайтуға және басқа да қуатты әлемдік ойыншыларды жолатпауға мүмкіндік береді.
Ресей батыс сарапшылары Қазақстан үшін пайдалы деп санайтын Америкаға қарсы саясат жүргізуде. Ресей Орталық Азия елдерінің АҚШ-пен кез келген өзара іс-қимылын жіті бақылауда, ал кейбір жағдайларда Ресейге қарсы деп бағалайды.
Мәселен, АҚШ Ауғанстандағы жағдайға шұғыл әрекет етуі үшін Өзбекстанда немесе Тәжікстанда өз әскери базаларын орналастыруға ниетті деген ақпарат пайда болғанда, ресейлік БАҚ осы базаларды құру Ресейдің мүддесіне қауіп төндіреді деп жарыса жазды.
Алайда АҚШ аталған елдердің аумағында база орналастыруға қатысты ресми мәлімдеме жасамады. Осы кезеңде Орталық Азия елдерінің аумағында америкалық база ресми түрде орналаса алмайды.
Айта кету керек, АҚШ Қазақстан халқын және ОА-ның басқа елдерінде медиасауаттылық дамыту үшін және сауаттылықты арттыруға көмектесетін бағдарламаны қаржыландырады.